Ақмола облысындағы Астана және Сілеті су қоймалары 100%-ға толды

0
438

Су қоймаларында тәулік бойы кезекшілік және су шаруашылығы жағдайының мониторингі жалғасуда.


Ақмола облысындағы Астана және Сілеті су қоймалары 100%-ға толды

Ақмола облысындағы Астана және Сілеті су қоймалары 100%-ға толы. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Солтүстік Қазақстан облысындағы 2 ірі су қоймасы 100%-ға толы, өңірде су тасқыны жалғасып жатыр. Сергеев су қоймасы бөгетінің жотасынан судың асу биіктігі 3,6 метр.
Осы сағатқа Петропавл қаласы шегіндегі Есіл өзенінің деңгейі- 1270 см, ол бір тәулікте 4 см-ге төмендеді.
Ақтөбе облысындағы екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 97%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді.
Шығыс Қазақстан облысында екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші шамамен 81%.
Абай облысында Шүлбі су қоймасы 63%-ға толды. Өңірде су тасқыны жалғасуда. Шүлбі су қоймасына бүйірлік ағындардың ұлғаюына байланысты табиғатты қорғау іс-шараларына су жіберу жалғасуда. Ертіс каскадының су қоймалары штаттық кестеге сай жұмыс істейді.
Батыс Қазақстан облысындағы төрт ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 86%. Олардың барлығы штаттық кестеге сай жұмыс істейді.
Қарағанды облысындағы 3 ірі су қоймасы 98,5%-ға толы. Олардың барлығы да штаттық режимде жұмыс істейді.
Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 92%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істеп жатыр.
ШҚО мен БҚО-дан басқа барлық өңірлерде су тасқынының белсенді кезеңі өтті. Су қоймаларында тәулік бойы кезекшілік және су шаруашылығы жағдайының мониторингі жалғасуда.