Ақмолада жеңіл көлік ұрлаған «ғашықтар» ұсталды

0
1 015

61 жастағы тұрғынның көлігін айдап кеткен.


Ақмолада жеңіл көлік ұрлаған «ғашықтар» ұсталды

ERNUR.KZ. Ақмола облысында жеңіл көлік ұрлаған «ғашықтар» анықталып ұсталды, деп жазады ҚазАқпарат.

Ведомствоның мәліметінше, 10 қыркүйекте Зеренді аудандық ПБ кезекшілік бөліміне Краснояр кентінің 61 жастағы тұрғыны хабарласып, белгісіз біреулердің «ВАЗ-21053» көлігін айдап әкеткенін айтқан.

«Жедел-іздестіру шарасыкезінде тәртіп сақшылары 43 жастағы ер адам мен 32 жастағы әйелді анықтап, қолға түсірді. Күдіктілер қылмыстарын мойындады. Кейін анықталғандай, ұры әйел көлік иесінің бұрынғы танысы болып шықты. Ішімдік ішіп алған әйел өзінің жақын досымен көлік иесі ұйықтап жатқанда көлігін айдап әкеткен», - дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Осыған орай, тәртіп сақшылары ақмолалықтарды көліктерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шарасын қолдануға шақырады.