Ақмолалық әйел шетелдіктерге жалған анықтама жасап келген

0
401

Аршалы кентінің тұрғыны 2022-2023 жылдар аралығында аудан аумағына келген шетел азаматтарының жұмысқа орналасуы үшін жалған медициналық анықтама жасап келген.


Ақмолалық әйел шетелдіктерге жалған анықтама жасап келген

ERNUR.KZ. Ақмола облысында шетел азаматтары үшін жалған анықтама құжаттарын жасап келген күдікті ұсталды, деп жазады sputnik.kz.

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Аршалы кентінің тұрғыны 2022-2023 жылдар аралығында аудан аумағына келген шетел азаматтарының жұмысқа орналасуы үшін жалған медициналық анықтама жасап келген.
"Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 394-бабының 1-бөлігі "заңсыз көші-қонды ұйымдастыру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", -деді ведомстводан.