Ақордада Республика күніне арналған Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті

0
766

Шара "Ақорда" резиденциясының алдында өтті.


Ақордада Республика күніне арналған Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті
Қазақстан Президенті Республика күніне арналған Мемлекеттік ту көтеру салтанатты рәсіміне қатысты, деп жазады Zakon.kz.

Шара "Ақорда" резиденциясының алдында өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді. Содан кейін Президенттің бұйрығымен Мемлекеттік ту көтеріліп, еліміздің Әнұраны орындалды.

Ұлттық мереке – Республика күнін ресми түрде атап өту осы салтанатты шарадан басталды. Еліміздің барлық өңірінде Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтеді.

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтаған еді.