Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Фото: Анадолы
ERNUR.KZ. Ақсу қаласында «Қамқор» әлеуметтік қызметтер орталығының тұрғындарына қатысты қатыгездік көрсету жөніндегі резонанс тудырған іс бойынша сот үкімі шықты, деп жазады inform.kz.
— Сот отырысы Ақсу прокуратурасының бейнекамералардан алынған жазбаларды зерттеу нәтижесінде жүргізілген талдаудың қорытындысына сай шешім шығарды. Онда естен тандырырлық зорлық-зомбылықтың фактілері тіркелген, — делінген хабарламада.
Пансионат қызметкері жүйелі түрде қамқорлықтағы адамдарға физикалық күш қолданып, оларды көшеде жылы киімсіз қалдырып, қыстың суығында қатты тоңуға мәжбүрлеп, азап шектірген.
— Жасалған әрекеттердің ауырлығын және олардың салдарын ескере отырып, сот айыпталушыны кінәлі деп танып, үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, — деп хабарлады прокуратурадан.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.