Олар керосинді литріне 120 теңгеден сатқан. Алыпсатарлар отынды мотор майымен араластырып, үшінші тұлғаларға литріне 150-160 теңгеден сатқан.
ERNUR.KZ. Қаржылық мониторинг агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері "Ақтау халықаралық әуежайы" АҚ ЖЖМ қызметінің жүргізушісі А.Әбдікамаловты авиациялық отынды заңсыз сату әрекеті кезінде ұстады, деп жазады Zakon.kz.
Тергеу барысында ол әуежайдың ЖЖМ қоймасының меңгерушісі М.Чапаевпен бірге авиациялық отынды (керосинді) ұрлауды ұйымдастырғаны анықталды.
Олар керосинді литріне 120 теңгеден сатқан. Алыпсатарлар отынды мотор майымен араластырып, үшінші тұлғаларға литріне 150-160 теңгеден сатқан.
Барлығы 63 мың литрден астам авиациялық отын ұрланған.
Бұл адамдар 3 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды.