Ақтау білім бөлімінің басшысы ұсталды

0
835

Ол орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін пара алды деген күдікке ілінді.


Ақтау білім бөлімінің басшысы ұсталды

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында білім бөлімінің басшысы ұсталды, деп жазады sputnik.kz.

Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім беру саласында заңсыз баюдың жемқорлық схемасын ашты.
"Жүргізілген жедел тергеу іс-шараларының нәтижесі бойынша Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы әшкереленді", - деп жазылған хабарламада.
Ол тұрмысы төмен отбасылардан шыққан отбасыларға тамақтандыру қызметін көрсету бойынша орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны, ақша қаражатын аудару және жалпы қамқорлығы үшін пара алды деген күдікке ілінді.
Сот санкциясымен күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
Қазақстан Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.