Тұрғындар лифтке жауаптылар бұл жағдайды білетінін, бірақ ешқандай шара қолданбайтынын айтты.
ERNUR.KZ. Ақтауда лифт шахтаға құлап кетті. Оқиға кезінде лифт ішінде адамдар болған, деп жазады Tengrinews.kz.
Оқиға 17-ықшамаудандағы Aktau Plaza тұрғын үй кешенінде 25 қыркүйекте кешкісін, сағат 19:30 шамасында болған. Жағдай бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Aktau Plaza тұрғындарының айтуынша, адам толы лифт істен шыққан. Лифт шахтаға бірінші қабаттан құлаған. Зардап шеккендер жоқ. Адамдар бір-біріне көмектесіп, лифтен өздері шыққан.
Тұрғындар лифтке жауаптылар бұл жағдайды білетінін, бірақ ешқандай шара қолданбайтынын айтты.