Ақтауда арықтаймын деп дәрі ішкен қыздың жүрегі 5 минут бойы тоқтап қалған

0
742

Ол дәрігерлердің көмегімен аман қалды.


Ақтауда арықтаймын деп дәрі ішкен қыздың жүрегі 5 минут бойы тоқтап қалған

ERNUR.KZ. Ақтауда арықтаймын деп дәрі ішіп, жүрегі 5 минут бойы тоқтап қалған тұрғын дәрігерлердің көмегімен аман қалды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

30 жастағы бойжеткеннің жүрегіне арнайы аппаратпен дер кезінде ота жасалған.

«Нәтижесінде науқас клинакалық өлімнен оянды. Содан кейін оған 6 күн қатарынан жансақтау бөлімінде көмек көрсетілген», - делінген хабарладама.

Дәрігерлер қазір бойжеткеннің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ дейді.

«Жас қыздар, келіншектер арық болып жүргенді дәредже көретін сияқты. Арықтататын дәрі ішіп, жүрегі тоқтап қалған қызды біздің мамандар 8 минутқа жеткізбей есін жинатып алды. Біздің мамандардың біліктілігінің арқасында, қыз бала аман қалды», - дейді Мейрамгүл Кенжебаев.