Ақтауда ауруханадан өрт шықты

0
660

Ауруханадан 470 адам эвакуацияланған. Оның 150-і төтеншеліктердің күшімен шығарылған.


Ақтауда ауруханадан өрт шықты

ERNUR.KZ. 6 қабатты Маңғыстау облыстық ауруханасының 3-қабатынан өрт шығып, 470 адам эвакуацияланды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

“20 қыркүйек күні сағат 22:38-де Ақтау қаласының 26 шағын ауданы 71/3 ғимараты, яғни облыстық ауруханада өрт шыққаны туралы ақпарат түсті. Төтенше жағдайлар департаментінің күш-құралдары шақыруға жіберілді. Оқиға орнына жеткеннен кейін 6 қабатты ғимараттың 3-қабатындағы урология бөлімшесінен желдету каналында жану ошағы табылды”, - делінген баспасөз мәліметінде.

Ауруханадан 470 адам эвакуацияланған. Оның 150-і төтеншеліктердің күшімен шығарылған.

Зардап шеккендер мен жарақат алғандар тіркелмеген.

Өрт сағат 23:31-де сөндірілген.

Тұтанудың себебі анықталған.

Айта кетейік, қазір Маңғыстау облыстық ауруханасы штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.