Оқиғаның салдары видеоға түсіп қалған.
ERNUR.KZ. Ақтау тұрғындары 2 шілде күні көлік жүргізушісі жылдамдықпен балалардың ойын алаңына кіріп кеткенін хабарлады. Оқиғаның салдары видеоға түсіп қалған. Бұл кадрға Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді, деп жазады tengrinews.kz.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға сағат 05:00 шамасында 3-шағын аудандағы N7 үйдің маңында болған.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жол апатына кінәлі 2005 жылы туған жігіт екенін хабарлады.
"Ақтау қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері құқық бұзушыны анықтап, ҚР Әкімшілік құқық бұзушлық туралы кодексінің 620-бабы "Жол қозғалысына қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзу" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды Ол оқиға кезінде ес-түссіз болған", - деп хабарлады ведомство.