Қазақстанда алтын мен сирек кездесетін металдар аукционға шығарылды

0
140

Қазақстанның өнеркәсіп министрлігі алтын, күміс, қорғасын және мырыштың 26 кен орны бойынша аукцион жариялады.


Қазақстанда алтын мен сирек кездесетін металдар аукционға шығарылды

фото: Sputnik / Павел Лисицын

ERNUR.KZ. Қазақстанның өнеркәсіп және құрылыс министрлігі алтын, күміс, қорғасын, мырыш және басқа да элементтер қоры бар пайдалы қазбалардың 26 кен орнына электронды аукцион өткізу туралы хабарландыру жариялады, деп жазады sputnik.kz.

Электрондық аукцион 2025 жылдың 29 қаңтарында e-qazyna.kz мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында өтеді. Аукционға қатысуға өтінімдер 2025 жылдың 15 қаңтарына дейін “minerals.e-qazyna.kz” бірыңғай порталы арқылы қабылданады.
“Министрліктің ресми сайтында аукциондар өткізілгеннен кейін әрбір сала бойынша аукцион нәтижелерінің хаттамалары тұрақты түрде жарияланады, онда жеңімпаз компаниялардың аты-жөні, сондай-ақ қол қою бонустарының түпкілікті сомалары көрсетіледі”, - деп жазылған өнеркәсіп министрлігінің мәлімдемесінде.
Егер сирек кездесетін металдар бар кен орындары аукционға шығарылса, әлеуетті инвесторларға өз өндірісінде металлургия өнімдерін өңдеу және өндіру немесе Қазақстанда зауыт салу түріндегі қосымша міндеттемелер ұсынылады.
Бұл қосымша міндеттемелер кенді өндіру және шетелге экспорттау ғана емес, сирек кездесетін металдарды ел аумағында өңдеудің кепілі болып табылады.
“Айта кетейік, аукцион жеңімпазы қол қою бонусының түпкілікті сомасын төлемеген жағдайда, басымдық келесі қатысушыға беріледі”, - деп түсіндірді министрліктегілер.
Салық заңына сәйкес қол қою бонусының түпкілікті сомасын төлемеген жеңімпаз төлем міндеттемелерінен босатылмайды. Сонымен қатар, кепілдендірілген міндетті сома өз міндеттемелерін орындамаған жеңімпазға қайтарылмайды және барлық сома мемлекет кірісі ретінде алынады, деп түсіндірді министрліктегілер.