Ақтауда "Көрпе Fest" мега-фестивалі өтті

0
1 476

Іс-шараға ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев қатысты.


Ақтауда

ERNUR.KZ. 8-10 қазанда Ақтау қаласында алғаш рет ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Маңғыстау облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен "Көрпе Fest" мега-фестивалі өтті, деп жазады tengrinews.kz.

Іс-шараға ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев қатысты. Фестиваль аясында оқыту семинарлары, тігін және қолданбалы өнер бойынша сабақтар өткізілді, әлеуметтік желілерде бизнес жүргізу бойынша шеберлік сыныптары мен көрмелер ұйымдастырылды.

Бұл әлеуметтік жоба көп балалы аналар мен аз қамтылған әйелдердің жеке ісін жүргізуге, өз мүмкіндіктерін дамытуға, сондай-ақ ұлттық қолөнерді одан әрі танымал етуге көмектеседі. Шара аясында танымал этнодизайнер, "Алтын сапа" сыйлығының лауреаты Ырза Тұрсынзаданың қолөнерші ізбасарлары дайындаған бұйымдарының жәрмеңкесі өтті.

Сонымен қатар, "Аналар аманаты" деректі сериалынан фильм көрсетіліп, онда "Мәдени мұралар мен ұлттық қолөнерді жаңғырту" әлеуметтік жобасы туралы айтылды. Ырза Тұрсынзада мен оның шәкірттері Маңғыстау облысының тарихи орындары бойынша экспедиция ұйымдастырып, олар "Бекет Ата" мешітіне өз қолдарымен тігілген жастықтар, көрпелер, ұлттық нақыштағы жамылғылар сыйлады.

Сондай-ақ, еліміздің төл мәдениетінің дамуына зор үлес қосып жүрген батыр аналарға "Аманат" қоғамдық қоры атынан премия, ең озық тігіншілерге Маңғыстау облысы әкімдігі мен "Тігін машиналар үйі" атынан барлығы 30 тігін машинасы, қаржылай сертификаттар мен алғыс хаттар табысталды.

Ал, қыз-келіншекке арналған ең әдемі көйлек тіккен қатысушыға арнап авторлық дизайнда жасалынған маталар сыйлыққа тапсырылды.