Ақтауда полиция басшысының орынбасары қоластындағыларды ұрып-соққаны видеоға түсіп қалған

0
784

Қазіргі уақытта қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр.


Ақтауда полиция басшысының орынбасары қоластындағыларды ұрып-соққаны видеоға түсіп қалған

ERNUR.KZ. Ақтауда полиция басшысының орынбасары қоластындағыларды ұрып-соққан. Оқиға видеоға түсіп қалған, деп жазады Tengrinews.kz.

Видеода Маңғыстау облысы ПД КПБ бастығының орынбасары "қызметкерлерге тәртіп пен заңдылықты үйретудің орнына оларды ұрып-соғып жатқаны" жазылған.

Маңғыстау облысының полиция департаменті ведомствоның кадр саясаты басқармасының жеке құрамы бойынша инспекция қазіргі уақытта қызметтік тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.