Оқиға 27 шілде күні сағат 19:00 шамасында 4А шағынауданында болған.
ERNUR.KZ. Ақтауда 49 жастағы әйел күндіз жағажайда дәрет сындырған, деп жазады Экспресс К.
Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 27 шілде күні сағат 19:00 шамасында 4А шағынауданында болған. Жағажайға демалуға келген әйел рұқсат етілмеген жерде дәрет сындырған.
"Полиция қызметкерлері әйелдің жеке басын анықтады. Оған қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-2-бабы (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) бойынша әкімшілік хаттама толтырды", — делінген ведомство мәліметінде.