Ақтөбе әкімдігі митингте қойылған екі талапты да орындады

0
490

Бүгін Ақтөбеде бейбіт түр митингке келгендер жергілікті атқарушы органнан екі мәселені талап етті.


Ақтөбе әкімдігі митингте қойылған екі талапты да орындады

ERNUR.KZ Ақтөбе әкімдігі митингте қойылған екі талапты да орындады, - деп жазады Tengrinews.kz

"Ақтөбеліктердің митинг кезінде қойған екі талабы да орындалды. Бүгін Ақтөбеде бейбіт түр митингке келгендер жергілікті атқарушы органнан екі мәселені талап етті. Біріншісі - митинг барысында қамауға алынғандарды босату. Бұл талап орындалды - ұсталғандар босатылды. Екіншісі - сұйылтылған газ бағасын төмендету. Бұл талап та орындалды - сұйылтылған газ бағасы 50 теңгеге дейін төмендетілді", - делінген әкімдік таратқан хабарламада.

Еске салайық, Жаңаөзен мен Ақтаудың мыңдаған тұрғыны жаңа жылдан кейін бағасы күрт шарықтап кеткен сұйытылған газ бағасын түсіруді талап етіп, көшеге шыққан болатын. Олар жолдарды жауып тастаған.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке тиісті тапсырма берді. Өңірдегі жанар-жағармай құю бекеттерінің қожайындары өз бастамасымен газ литрін 120 теңгеден 85-90 теңгеге дейін арзандату туралы шешім шығарған.

Комиссия Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен комиссия құрылған болатын. Бүгін үкіметтік комиссия мүшелері Маңғыстау мен Жаңаөзен белсенділерімен келіссөз жүргізген еді.