ҚазАқпарат - Атырауда екі республикалық жолды біріктіріп, Ақтөбе мен Астрахан аралығындағы жолды қысқарту жоспарлануда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
фото:inform.kz
ҚазАқпарат - Атырауда екі республикалық жолды біріктіріп, Ақтөбе мен Астрахан аралығындағы жолды қысқарту жоспарлануда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».«Облыста Атырауға кіретін айналма тасжолдың құрылысына техникалық-экономикалық негіздеме дайындалып жатыр. Оған Солтүстік деген атау берілді. Оның ұзақтығы 26 шақырым болады. Ол жол Ақтөбе-Атырау және Атырау-Астрахан бағытындағы республикалық маңызы бар тасжолды біріктіреді», - деп мәлім етті облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Сүйіншәлиев. Техникалық-экономикалық негіздеме наурыз айында аяқталады. Бұл жолдың құрылысы Жайық өзені арқылы Атыраудың маңайында тұрғызылатын жаңа көпірдің арқасында басталмақ. Жолдың құрылысы аяқталғаннан кейін Ақтөбеден Астраханға бет алған транзиттік жүк көліктері Атыраудан өтеді.