Сүйіктіңізге сыйлық таңдауда қиналасыз ба? Мұнда келіңіз...

0
230

Анаңызға, қыз-келіншектерге сыйлық таңдағанда қолдансаңыз, жаңылмайсыз


Сүйіктіңізге сыйлық таңдауда қиналасыз ба? Мұнда келіңіз...

Сурет: sun9-55.userapi.com

Бұл өмірде ер-азаматтардың бас қатыратын мәселесі көп. Олардың қатарына қыз-келіншектерге туған күн мен мерекелерде сыйлық таңдау да кіреді.

Нәзік жандылардың қалауы өте көп, талғамы сан алуан. Сондықтан, бір айдан бері ойланып, әлі де басыңыз қатып жүрсе, таң қалмаймыз. Ал төмендегі ақпараттар таңдауды жеңілдетуге көмектеседі.

Қыз-келіншектерге сыйлық аларда олардың жұлдыз белгісін ескерсеңіз, таңдаудан жаңылмайсыз.


ТОҚТЫ

Энергиясы жоғары, тәуелсіз, батыл.

Сыйлықтар: Спорттық керек-жарақтар (фитнес білезігі, йога матрасы), экстремалды әсер сыйлайтын орындарға сертификат (картинг, парашютпен секіру), көзге бірден түсетін айшықты әшекей немесе стильді аксессуар.

Гүлі: Оларға жарқын түсті (қызыл, қызғылт) гүлдер ұнайды. Қызыл раушан, қызғалдақ мінезіне сай келеді.


ТОРПАҚ

Жайлы өмірді ұнатады, талғампаз, романтик.

Сыйлықтар: Хош иісті парфюм немесе косметика, табиғи тастардан жасалған әшекейлер, тәттілер, шоколад, жоғары сұрыпты элиталық шай.

Гүлі: Хош иісі ерекше нәзік лалагүл немесе пион олар үшін керемет таңдау.


ЕГІЗДЕР

Жаңашыл, шығармашылыққа жақын, көпшіл.

Сыйлықтар: Смарт-аксессуарлар (құлаққап, смарт-сағат, т.б.), кітап (танымдық, мотивациялық), қызықты тренингке немесе мастер-класқа сертификат.

Гүлі: Оларға түрлі-түсті, экзотикалық гүлдер ұнайды. Жарқын гербералар немесе сәнді орхидеялар – ең жақсы нұсқа.


ШАЯН

Мейірімді, эмоцияға берілгіш, отбасын бағалайтын жан.

Сыйлықтар: Фотоальбом немесе фотосуретке арналған рамка, қолдан тігілген жұмсақ көрпе немесе жастық, табиғи тастармен безендірілген әшекейлер.

Гүлі: Олар ақ түсті немесе пастель реңкті гүлдерді жақсы көреді. Ақ раушан немесе хризантема романтикалық табиғатын аша түседі.


АРЫСТАН

Жарқын, сәнқой, көшбасшы.

Сыйлықтар: Дизайнерлік әшекейлер немесе эксклюзивті аксессуар, трендтегі хош иіс немесе брендтік сөмке, SPA-салонға немесе мейрамханаға сертификат.

Гүлі: Оларға үлкен, көз тартатын гүлдер керек. Алтын түстес сарғалдақтар немесе күнбағыс – мінсіз сыйлық.


БИКЕШ

Ұқыпты, педант, практик.

Сыйлықтар: Жоғары сапалы күнтізбе немесе органайзер, табиғи косметика немесе күтімге арналған жиынтық, денсаулыққа пайдалы заттар (фитнес-жабдықтар, массажер)

Гүлі: Бикештер қарапайымдылықты жақсы көреді, сондықтан оларға нәзік, табиғи гүлдер ұнайды. Ақ түсті түймедақ немесе хош иісті фрезия – мінсіз таңдау.


ТАРАЗЫ

Сәнқой, үйлесімділікті жақсы көреді.

Сыйлықтар: Әдемі әшекейлер, стильді аксессуар, брендтік косметика, парфюм.

Гүлі: Түрлі-түсті, ұсақ дала гүлдерінен жиынтық немесе лаванда гүлдері.


САРЫШАЯН

Құпияшыл, құштарлыққа толы, талғампаз.

Сыйлықтар: Қара түсті стильді киім немесе аксессуар, интеллектуалды кітап, интерактивті ойын, СПА процедурасы немесе массаж сертификаты

Гүлі: Сарышаяндар – құпияға толы, терең мінезді жандар. Оларға қою түсті, құштарлықты білдіретін гүлдер ұнайды. Қою қызыл немесе қара раушан – өте жақсы нұсқа.


МЕРГЕН

Саяхатты, еркіндікті жақсы көреді.

Сыйлықтар: Жолсөмке немесе саяхат аксессуарлары, экстремалды хоббиге арналған жабдықтар, жаңа тәжірибе, жаңа эмоция сыйлайтын кез клеген нәрсеге сертификат (атқа міну, саяхат, т.б.)

Гүлі: Оларға ерекше ирис немесе тропикалық гүлдер ұнайды.


ТАУЕШКІ

Жұмысқа берілген, практик, классиканы ұнатады.

Сыйлықтар: Брендтік қалам, күнделік, стильді сағат немесе аксессуар, дәмді шарап немесе сапалы, таңдаулы кофе сұрыптары.

Гүлі: Ақ лалагүл немесе қалампыр – олар үшін керемет таңдау.


СУҚҰЙҒЫШ

Өзгеше ойлы, шығармашыл, жаңашыл.

Сыйлықтар: Смарт-гаджет немесе басқа да ерекше технологиялық құрылғы, жеке дизайнмен жасалған әшекей, арт-галереяға немесе эксперименттік шоуға билет.

Гүлі: Оларға сирень немесе ерекше түсті орхидеялар лайық.


БАЛЫҚТАР

Романтик, шығармашыл, сезімтал.

Сыйлықтар: Жұмсақ ойыншықтар, нәзік иісті парфюм, музыкалық аспап немесе картина, ароматерапияға арналған жиынтық.

Гүлі: Оларға жұмсақ реңкті нәркес немесе ақ лалагүл сай келеді.

Сыйлық алуда бастысы – жан жүрекпен таңдау. Бірақ жұлдыз белгісіне сай таңдалса, қуанышын еселей түседі.

Дайындаған: А. Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

БАЙЫП кете алмай жүрсіз бе? Не КЕДЕРГІ боп тұрғанын біліңіз