Ақтөбе облысында локоматив пен жолаушылар пойызы соқтығысты

0
961

Пойызда 200-ден астам адам болған.


Ақтөбе облысында локоматив пен жолаушылар пойызы соқтығысты

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында локоматив пен "Бішкек-Самара" бағыты бойынша келе жатқан жолаушылар пойызы соқтығысты, деп жазады zakon.kz.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, 5 наурызда сағат 10.30-да Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Бершүгір теміржол станциясында маневрлік локомотивпен бүйірлік соқтығысу салдарынан "Бішкек-Самара" қатынасымен жүретін № 317 жолаушылар пойызының тепловозы, № 1 вагоны және № 2 жолаушылар пойызының үш доңғалақты жұбы рельстен шығып кетті", - деді ҚТЖ баспасөз қызметі.

Оқиға орнына Қазавиақұтқару тікұшағы ұшып шығып, құтқару бөлімшелері жіберілді және ҚТЖ қалпына келтіру поезды жөнелтілді.

Қолда бар ақпаратқа сәйкес пойызда 200-ден астам адам болған (Қырғызстан, РФ және Қазақстан азаматтары, ҚТЖ қызметкерлері). Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ, қазіргі уақытта жолаушылар пойыздың басқа вагондарына орналастырылды.

ТЖМ және өңірдің ТЖД қызметкерлерінен тұратын жедел штаб құрылды.

Оқиғаның себебін анықтаумен құзыретті органдар айналысатын болады.