Ақтөбе облысында заңсыз жүрген шетелдіктер елден шығарылды

0
389

Шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін жеке кәсіпкер жазаланды.


Ақтөбе облысында заңсыз жүрген шетелдіктер елден шығарылды

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында заңсыз жұмыс істеп жүрген шетелдіктер елден шығарылды, деп жазады sputnik.kz.

Кеңқияқ ауылында полиция заңсыз еңбек еткен 15 шетелдікті анықтады.
Көрші елдің азаматтары мектеп салумен айналысқан. Шетелдіктер полиция бөліміне жеткізілді. Оларға әкімшілік хаттама толтырылып, сот шешімімен елден шығарылды.
Сондай-ақ жеке кәсіпкерге қатысты шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін хаттама толтырылды.