Ақтөбе облысында жол апатына түскен оқушылардың ата-аналары шенеуніктерге талап қойды

0
833

Екі оқушы мен мұғалім жол апатынан көз жұмды.


Ақтөбе облысында жол апатына түскен оқушылардың ата-аналары шенеуніктерге талап қойды

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында жол апатынан жарақат алған үш оқушыны санитарлық авиация көмегімен облыс орталығына жеткізетін болды, деп жазады sputnik.kz.

Себебі балалардың жағдайын білуге барған шенеуніктерге ата-аналары осындай талап қойған.
Жол апаты Ырғыз ауданында болды. Бес оқушы мен география пәнінің мұғалімі Жаныс би ауылынан шыққан. Жоғары сыныпта оқитындар республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне қатысуы керек еді. Олар тәртіп сақшылары ілесіп жүретін көліктен қалып басқа машинаға мініп кеткен.
Рульде қайтыс болған оқушының бірінің 25 жастағы ағасы болған. Жарты жолға жеткенде ол қарсы бағыттағы жүк көлігімен соқтысқан. Екі оқушы мен мұғалім сол жерде көз жұмды. Ал жүргізуші қамауға алынды. Оған қатысты қос бірдей баппен іс қозғалды. Қайғылы оқиғаға қарамастан білім жарысы ұйымдастырылды.
Шенеуніктер оны кейінге шегермеуді жөн көрген. Ал жарақат алған үш оқушы түнге дейін облыс орталығына жеткізіледі.
"Облыстық балалар ауруханасына аудару жоспарлануда, санитарлық авиация қызметі арқылы. Ата-аналарының өтінішін ескере отырып, әрі қарай емін облыстық деңгейде профильдік бөлімінде жалғастыратын болады", - дейді Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров.