Ақтөбе облысының әкімдігі 200 дана аяқ киім сүрткіш сатып алған

0
916

Аяқ киім сүрткіштерін сатып алуға 99 мың теңге жұмсалған.


Ақтөбе облысының әкімдігі 200 дана аяқ киім сүрткіш сатып алған

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысының әкімдігі 200 дана аяқ киім сүрткіш сатып алған, деп жазады Stan.kz.

Қоғамда талқыға түскен аяқ киім сүрткіштерді әкімдік бекер сатып алмаған көрінеді. Мұның бәрі тек сырттан келген қонақтар үшін деп түсіндіреді олар.

"Губкалар" үкіметтік және шетелдік делегация мүшелері үшін сатып алынған. Шенеуніктердің сөзінше, ол сүрткіштерді қонақ келген кезде әкімдікке тиесілі көліктерге салып қояды екен. Қонақтың аяқ киімін шаң басса, бюджет ақшасына алынған сүрткішпен тазалайды.

Аяқ киім сүрткіштерін сатып алуға 99 мың теңге жұмсалған.

"Бұл жақта ауа райы қолайсыз. 200 аяқ киім сүрткіш шамамен екі жылға жетеді. Қателеспесем, бір губка 458 теңге тұрады", - дейді Ақтөбе облысы әкімдігі іс басқармасы басшысының орынбасары Тимур Рыскелдин.

Бұған дейін ақтөбеліктерді шенеуніктердің тағы бір әрекеті таңғалдырған болатын. Олар 50 дана қолшатыр сатып алған. Бұл да аса қажет зат көрінеді, өйткені ресми іс-шаралар кезінде жоғары лауазымды тұлғалар күн мен жаңбырдан паналайды