Жол апатына ауыр жүк көлігінің жүргізушісі кінәлі.
ERNUR.KZ. 18 ақпанда Қарабұтақ-Қостанай облыстық жолында, Қызылсай теміржол өткелінде жол-көлік оқиғасы болды, деп жазады Экспресс К.
Оқыс оқиға Ақтөбе облысында орналасқан теміржол өткелінің бірінде болған. Жол апатына ауыр жүк көлігінің жүргізушісі кінәлі.
MAN TGA көлігінің 57 жастағы жүргізушісі теміржол өткелін кесіп өтерде тепловозға жол бермей, жедел өте шықпақ болған. Нәтижесінде ауыр жүк көлігі мен тепловоз соқтығысты.
Жол апаты кезінде жүк көлігінің жүргізушісі көліктен секіріп үлгерген. Қазір оқиғаның себеп-салдары анықталу үстінде.