Ақтөбеде әйелінен қорыққан тұрғын полицияға жалған шағым түсірген

0
446

Ол 23 млн теңгесін ойынға тігіп, ұтқызып жіберген.


Ақтөбеде әйелінен қорыққан тұрғын полицияға жалған шағым түсірген

ERNUR.KZ. Ақтөбеде 23 млн теңгесін ойынға тігіп, ұтқызып жіберген тұрғын өзін тонап кеткені туралы жалған шағым түсірген, деп жазады Azattyq Rýhy.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 4 сәуір күні №2 қалалық полиция бөліміне 29 жастағы ер адам ұрлық бойынша арызданған. Оның айтуынша, 101-атқыштар дивизиясы көшесінде Lada Priora автокөлігінен белгісіз біреулер 23 млн теңге ақша салынған пакетті ұрлап кеткен.

«Полиция қызметкерлері жедел іс-шараларды жүргізу барысында ұрлық дерегінің қаланың басқа бөлігінде болғанын анықтады. Айғақтарды көрсеткеннен кейін, ер адам ұрлық дерегін өзі ойластырып, күдікті ретінде танысын қатыстырғанын айтты», - делінген ПД хабарламасында.

Шын мәнінде, жәбірленуші жұбайына айтпай, ақшаны ұтысқа тіккен. ҚР Қылмыстық кодексінің 419-бабы 3-бөлігі (Көрінеу жалған сөз жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізілуде. Осы баптың санкциясында сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.