Қазіргі күні барлық балалар "Аяла" орталығына орналастырылды.
ERNUR.KZ. Ақтөбе қаласында ішімдікке салынған әйел 5-14 жас аралығындағы балаларын қараусыз қалдырған, деп жазады sputnik.kz.
Қалалық прокуратура оны әкімшілік жаупкершілікке тарту үшін оған қатысты медициналық куәландыру жүргізді.
Қазіргі күні барлық балалар "Аяла" орталығына орналастырылды, оларға педагогикалық, әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетілді.
"Аталған дерек бойынша балалардың анасын ата-аналық құқығынан айыруға қатысты материалдар жинақталып жатыр. Осы бағыттағы комиссия жұмысы жалғасуда және облыс прокуратурасының тұрақты бақылауында", - делінген хабарламада.
Айта кетері, "Бақытты және қауіпсіз балалық шақ" жобасын іске асыру шеңберінде Ақтөбе облысы прокуратурасы құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен ведомствоаралық топ құрды.