Ақтөбеде ломбардты тонау сәті видеоға түсіп қалған

0
1 361

Кассадан 1 миллион теңге сомасында ақша қаражатын ұрлап, белгісіз бағытта қашып кеткен


Ақтөбеде ломбардты тонау сәті видеоға түсіп қалған

ERNUR.KZ. Ақтөбе полицейлері микроқаржы ұйымына жасалған қарақшылық шабуылды ашты, деп жазады tengrinews.kz.

"15 қыркүйекте кешкі уақытта ломбард ғимаратына медициналық бетперде мен қара көзілдірік киген белгісіз адам кіріп, тапаншаға ұқсас затпен кассадан 1 миллион теңге сомасында ақша қаражатын ұрлап, белгісіз бағытта қашып кеткен", - делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері тұрғылықты жері бойынша 42 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. ҚР ҚК-ның 192-бабы 2-бөлігі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша үстау изоляторына қамалғаны айтылды.