Ақтөбеде зорлықпен адам өлтірген күдіктілердің саны артты

0
550

Ақтөбеде екі адамды зорлықпен өлтірді деп күдікке ілінгендердің саны 10-ға жетті.


Ақтөбеде зорлықпен адам өлтірген күдіктілердің саны артты

ERNUR.KZ. Облыстық полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастап кетті, деп жазады inbusiness.kz.

Қашып құтылмақ болған алты адамды облыс орталығынан 400 шақырым жердегі елдімекен маңында ұсталды.

"Екі азаматты өлтірді деп күдікке ілінгендердің барлығын анықтады. Бұған дейін полиция аса ауыр қылмыс жасады деген 3 күдіктіні ұстаған болатын. Облыс орталығынан 400 км жерде орналасқан елді мекендердің бірінде тағы 6 күдікті ұсталды. Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің "Кісі өлтіру" дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіледі", - дейді облыстық полиция департаменті тергеу басқармасы бастығының орынбасары Нұрболат Сұлтанов.

Белгілі болғандай, марқұм жігіттер Темір ауданынан келген. Облыстық спорт басқармасының мәліметінше, екеуі қолкүрестен облыстық жарысқа қатысқан. Біреуі жүлделі екінші орын, екіншісі 5 орын алған. Естеріңізге салсақ, кеше Ақтөбеде өзен жағасынан зорлықпен өлтірілген екі адамның мәйіті табылғанын жазған едік. Тексеру барысында марқұмның бірі - 27, екіншісі 31 жастағы ер адам екені анықталды. Істі Ақтөбе облысы прокурорының өзі жеке бақылауына алды.