Ақтөбедегі абақтыға телефонды бауырсаққа жасырып кіргізбек болған

0
995

Мекемеге ұялы телефон алып кірмек болған азамат 1 жыл бойы мекемеге кездесуге келу құқығынан айырылады.


Ақтөбедегі абақтыға телефонды бауырсаққа жасырып кіргізбек болған

ERNUR.KZ. Ақтөбеде қаласындағы абақтыға телефонды бауырсаққа жасырып кіргізбек болғандардың әрекеті әшкере болды, деп жазады kaz.nur.kz.

КА-168/1 тергеу изоляторының күзет қызметкерлері сәлемдемелердің арасынан ұялы телефон тәркіледі.

Белгілі болғандай, 24 жастағы ақтөбелік тұрғын есірткі саудасына қатысты жазасын өтеп отырған ағасына тыйым салынған затты жасырын жеткізбек болған.


"Сәлемдемелерді тексеру кезінде бауырсақтың ішінен фальга қағазына оралған "Nokia шағын телефоны тәркіледі. Азамат С. М. өзінің түсініктемесінде кінәсін толық мойындады. Құқық бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабы бойынша хаттама толтырылып, материал Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды",- деп хабарлайды Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.


Жазалау мекемесінің мәліметінше, мекемеге ұялы телефон алып кірмек болған азамат 1 жыл бойы мекемеге кездесуге келу құқығынан айырылады.