​Ақтөбелік депутат некесіз туған баласын анасынан тартып алмақшы

0
1 397

Ақтөбелік депутат Ескендір Назарбаев некесіз туған баласын алу үшін сотқа шағым түсірді.


​Ақтөбелік депутат некесіз туған баласын анасынан тартып алмақшы

ERNUR.KZ. Ақтөбелік депутат Ескендір Назарбаев сотқа шағым түсірді. Ол некесіз туған баласын анасынан тартып алмақшы, деп жазады NUR.KZ.

"Анасы баланы дұрыс тәрбиелеп отырған жоқ. Немқұрайлығынан баланың денсаулығына зиян келген. Менің қорғауымдағы азамат анасы бала тәрбиесімен тиісті деңгейде айналысып отырған жоқ деп санайды", - дейді жауапкер Назарбаевтың қорғаушысы.

Ақтөбедегі жеке клиниканың қожайыны саналатын депутатқа қатысты шу осыған дейін бірнеше рет айтылған. Оның бұрынғы кездескен келіншегі балалы болғанда клиника директорының өзінен теріс айналғанын айтып, БАҚ өкілдерінен көмек сұраған болатын.

Жалғызбасты әйел денсаулығында ақауы бар баланы емдету үшін депутаттың алдына бірнеше рет жалынып барған. Баланың анасы депутаттың алты жыл ішінде туған баласын көруге төрт-ақ рет келгенін алға тартты.

Келіншек депутаттың өзін не себепті айыптап отырғанын айтып берді.

"Баланың шапшаңдығы өте жоғары. Бәрі қас-қағым сәтте болды. Ас бөлмесіндегі шкафтан "Крот" химиялық тазартқыш қосылған сұйықтықты ішіп қойған. Бірден жедел жәрдем шақырып ауруханаға бардық. Ол жақта баланың ішін тазартты.

Сол жерде полиция келді. Бұл оқиғалардың бәрі 2013 жылдың желтоқсан айында болды. Осы жағдайдан кейін мен Ескендірден көмек сұрадым.

Ол маған ота жасату үшін 100 мың теңге ғана берді. Ол сотқа балаға химиялық сұйықтықты әдейі бергенімді айтады. Ол мүмкін емес жағдай ", - дейді анасы.

Депутат Назарбаевтың беделіне нұсқан келуі мүмкін деген қорғаушысы БАҚ өкілдерінің сотқа қатысуына қарсылық білдірді.

Судья соттың ашық өтіп жатқанын ескертіп, тілшілердің жұмыс жасауына кедергі келтіре алмайтынын айтты.

Судья Нұрлыбек Ормаханов депутаттың сотқа келуін талап етті.