Ақтөбелік көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға пәтер кілттері табысталды

0
638

Олардың бәрі де мемлекеттік қордан үй алуға кезекте тұр.


Ақтөбелік көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға пәтер кілттері табысталды

2 наурыз күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин жұмыс бабымен Қарғалы ауданында болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бадамша ауылында өңір басшысы сегіз көпбалалы және аз қамтылған, мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған отбасылар мен жетім балаларға жалдамалы коммуналдық пәтер кілттерін табыс етті. Олардың бәрі де мемлекеттік қордан үй алуға кезекте тұр.
Құттықтау сөзінде: «Баспанамен қамту – өзекті мәселе. Мемлекет басшысының тапсырмасымен біздің өңірде кезекте тұрғандар үшін үй салу жұмыстары облыс орталығымен қатар, облыс аудандарында да белсенді жүріп жатыр. Мен мемлекеттің қолдауымен үйлі болған әрбір отбасымен бірге шынайы қуанамын»,- деген Оңдасын Оразалин жаңа қоныс иелеріне амандық пен бақыт тіледі.
Жалдамалы баспанаға төленетін ең аз ай сайынғы төлем 5 мың теңге, ең көп төлем 9 мың теңге, яғни пәтердің аумағына байланысты.
«Бұл біз үшін үлкен қуаныш. Барлығына алғыс айтамын, соның ішінде мемлекетке қамқорлық танытқаны үшін рахмет»,- дейді жаңа үйінің кілтін алған көпбалалы ана Д. Джаббарова.
Сегіз пәтерлі екіқабатты үйді тұрғызуға 169 млн теңгедей кетті. Жобаны жүзеге асырған - “СтройМастерКласс” ЖШС мердігер мекемесі.
Бұдан бөлек, аталмыш ауданға сапары кезінде облыс әкімі Кемпірсай ауылдық округі әкімдігінің жаңа ғимаратын қарап шықты. Ғимарат былтыр желтоқсан айында пайдалануға берілген. Мұнда халық мемлекеттік қызметтерді «бір терезе» қағидасы бойынша алу үшін барлық жағдай жасалған.