Актриса Бибігүл Ақтан Қазақстанға екінші рет кіре алмай қайтқанын айтты

0
902

Актриса 3 тамызда түнде Қарасу өткізу бекеті арқылы елге кірмек болған.


Актриса Бибігүл Ақтан Қазақстанға екінші рет кіре алмай қайтқанын айтты

ERNUR.KZ. Белгілі актриса Бибігүл Ақтан Қазақстанға шекарадан өте алмағанын айтты. Бұл туралы ол Instagram-парақшасында жариялады, деп жазады Tengrinews.kz.

Актриса 3 тамызда түнде Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы Қарасу өткізу бекеті арқылы елге кірмек болған. Алайда шекарашылар оны өткізуден бас тартқан. Бибігүл Ақтанның айтуынша, бұл осымен екінші жағдай. Ол Қазақстанға осымен екі рет кіргізбей қойғанын айтып, шағымданды.

"Маған елге кіруге негіз жоқ деп айтты. Сонда барлық туысым Қазақстанда тұратыны, Алматыда туылғаным және ұлтым қазақ болғаны жеткіліксіз бе? Сұмдық, бұл мені қатты қынжылтты", - деп жазды ол.



Актриса Ресей азаматтығы бар екенін түсіндірді. Оның айтуынша, қазір Қазақстанға қатты қажеттілік болса ғана кіруге болады. Мысалы, жақын туыстарына бару немесе медициналық тексеруден өту қажет болса.

"Алматыда туған ағам мен әпкем тұрады. Мен олардың туу туралы куәлігін және өзімдікін көрсетпек болғанмын. Бірақ мен ағам мен әпкем жақын туыстар санатына жатпайтынын білмедім. Оған ата-ана, әйелі/күйеуі немесе балалары кіреді екен. Сондықтан шекарашылар маған елге кіруге негіз жеткіліксіз екенін айтты. Мен оларды кінәламаймын, бұл олардың жұмысы. Өкінішке қарай, бұл менің осы сапарға дайындық барысында Қазақстанға кіру ережелерімен жақсы таныс болмағанымнан", - деді Ақтан.

Ол кейін Қырғызстанға оралған. Енді актриса қажетті құжаттарды рәсімдеуге тырысатынын немесе шетелде қалатынын айтты.