Ақылы жолдар қымбаттайды: министр кімдерге жеңілдік жасалатынын айтты

0
310

Тарифтер қаншаға өседі деген сұраққа бұрын Қарабаев тариф өсімі екі-үш есе емес, белгілі бір пайызға көтерілетінін айтқан еді.


Ақылы жолдар қымбаттайды: министр кімдерге жеңілдік жасалатынын айтты

ERNUR.KZ. Көлік министрі Марат Қарабаевтың айтуынша, Қазақстанда ақылы жолдар тарифі басқа елдермен салыстырғанда өте арзан, деп жазады ulysmedia.kz.

Министр не дейді?

– Халықаралық көлік жүргізу конвенциясы бар. Оған сәйкес, әр елде ақлыы жолдар отандық көліктерге де, шетелдік көліктерге де бірдей болуы керек. Егер олай болмаса, онда басқа елдер де Қазақстаннан көбірек ақы талап ете бастайды. Ең арзан жол бізде. Мысалы, кеше Ресейде Мәскеу-Қазан жолы салынды. Онда бір шақырым 25 теңге. Ал бізде бір шақырым 1,20 тиын, – дейді Қарабаев.

Қазақстандықтарға қандай жеңілдік жасалған? Министрдің сөзінше, егер кісілерді тасымалдайтын автобус болса, олар ақылы жолдарға төлемейді. Егер жүк тасымалымен айналысатын көліктер ақшасын алдын ала төлесе, онда 15 пайыз жеңілдік жасалады.

Еске сала кетейік, былтыр 1 желтоқсаннан бастап елімізде тағы бір жол ақылы болады. Ендігі жерде Орал қаласынан Ресейдің Саратов қаласына дейінгі республикалық маңызы бар жолда темір тұлпар иелері ақы төлеуге міндеттеледі.

Тарифтер қаншаға өседі деген сұраққа бұрын Қарабаев тариф өсімі екі-үш есе емес, белгілі бір пайызға көтерілетінін айтқан еді.