Полиция қызметкерлері банктермен және ұялы байланыс операторларымен тығыз жұмыс істейді.
ERNUR.KZ. Ішкі істер министрлігі интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл ерекше бақылауда екенін хабарлады, деп жазады sputnik.kz.
"Жүргізіліп жатқан жұмыстың арқасында алаяқтар пайдаланатын ауыспалы нөмірлерден 44 миллионнан астам шетелдік қоңырау бұғатталды. Бұл жәбірленушілердің санын 2,5 есеге қысқартуға мүмкіндік берді", - делінген хабарламада.
Полиция қызметкерлері банктермен және ұялы байланыс операторларымен тығыз жұмыс істейді. Ел аумағынан тыс жерге шығарылмақ болған 246 миллионға жуық теңге бұғатталып, 850 млн теңге көлемінде шығын өтелді.