Синоптиктердің мәліметінше, аяздың беті әлі қайтпайды.
ERNUR.KZ. Синоптиктер 25-27 желтоқсан күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, деп жазады Tengrinews.kz "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, аяздың беті әлі қайтпайды.
"Таймырдан Сібірге жылжитын суық антициклонның сілемі Қазақстанның көптеген облысына қатты аяз әкеледі. Солтүстік орталық және шығыс облыстарында түнгі температура минус 32…37 градусқа дейін төмендесе, кей жерлерде аяз минус 40 градусқа дейін күшейеді. Тіпті Қазақстанның оңтүстік-шығысында да суытады, кей жерлерде 25…30 градусқа дейін аяз күтіледі", - деп болжады "Қазгидромет" өкілдері.
Тек батыс облыстарда жауын-шашын, тұман, көктайғақ және күндіз температураның 0-5 градус аязға дейін, оңтүстік-батыста 0…5 градус жылыға дейін жоғарылауы мүмкін екені айтылады.