Алдағы уақытта ет бағасы көтерілуі мүмкін

0
512

Әлемде азық-түлік қымбаттап жатыр.


Алдағы уақытта ет бағасы көтерілуі мүмкін

ERNUR.KZ. Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев алдағы уақытта ет бағасы көтерілуі мүмкін екенін айтты, деп жазады inbusiness.kz.

«Әлемде азық-түлік қымбаттап жатыр. Сондықтан ет бағасы көтерілуі мүмкін. Бірақ нақты болжамды айта алмаймын. Ауыл шаруашылығы министрлігі малдан айырып қалмауы үшін тиісті жұмысты жүргізеді», – деді басшы АШМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ Ербол Қарашөкеев еттің қымбаттауына қатысты жеке пікір білдірді.

«Ауыл шаруашылығы министрі ретінде айтайын. (Ет бағасы өскенде – автор) біртүрлі сезім болады. Біріншіден, мал өсірушілер үшін қуанамын. Олардың жұмысы ауыр ғой, бірақ баға өсіп жатыр. Ал екінші жағынан (ет бағасының көтерілуі – автор) баға қарапайым тұрғындардың қалтасына ауыр салмақ түсірмесін деп ойлаймын. Бұл жұмысты Ауыл шаруашылығы министрлігі ғана емес, Сауда және интеграция министрлігі, жергілікті атқарушы органдар бірігіп жүргізуі қажет...», – деді министрдің міндетін атқарушы.