Александр Кержаков «Қайрат» клубына бас бапкер болып тағайындалды

0
359

Александр Кержаков Ресей футболының (233 гол), санкт-петербургтік «Зениттің» (161 гол), Ресей құрамасының (30 гол) тарихындағы үздік сұрмергені атанған.


Александр Кержаков «Қайрат» клубына бас бапкер болып тағайындалды

ERNUR.KZ. «Қайрат» футбол клубының бас бапкері қызметіне ресейлік маман Александр Кержаков тағайындалды, деп жазады inform.kz.

Александр Кержаков Ресей футболының (233 гол), санкт-петербургтік «Зениттің» (161 гол), Ресей құрамасының (30 гол) тарихындағы үздік сұрмергені атанған.

Ойыншы ретінде «Зениттен» бөлек испаниялық «Севилья», швейцариялық «Цюрих» пен Ресейдің «Динамо» (Мәскеу) командаларында ойнаған.

УЕФА, Испания кубогы мен суперкубогының, Швейцария Кубогының иегері.

Сондай-ақ, көптеген жүлделерге ие болды.

Александр бапкерлік мансабын 2017 жылы «Зенит» футбол кулбы академиясында бастады.

2018-2020 жылдар аралығында Ресейдің 17, 18, 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамаларын жаттықтырған.

Сондай-ақ, ол ресейлік «Томь» және «Нижний Новгород», кипрлік «Кармиотисса» мен сербиялық «Спартак» Суботица футбол клубтарын баптаған.

Айта кетсек, бұдан бұрын алматылық клубта Кирилл Кекер бас бапкер қызметін атқарған еді. Команданың төмен нәтижесіне байланысты ол орнынан кетті.

Еске салсақ, бүгін Қазақстан кубогының жартылай финалы басталады.