Әлеуметтік желіде әйелді тепкілеп, жұдырықпен ұрған ер адамның видеосы тарады

0
442

Оқиға Алматы қаласында болған.


Әлеуметтік желіде әйелді тепкілеп, жұдырықпен ұрған ер адамның видеосы тарады

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде әйелін төпелеп жатқан ер адам таспаланған тағы бір видео тарады, деп stan.kz.

Оқиға Алматы қаласында болған. Видеода ер мен әйел бір үйдің кіреберісінде тұрғанын көруге болады. Ер адам әйелді бірнеше рет теуіп, артынша бетінен жұдырықпен ұрады. Әйел баспалдақтың жақтауынан ұстап, құлайды. Сондай-ақ ол оған айқайлап жатады.

Осы жағдайға байланысты Алматы полиция департаменті өкілдері пікір білдірді.

“Бұзақылық” фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір видеода бейнеленген азаматтардың кім екені мен оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Кінәлі азамат міндетті түрде жауапқа тартылады”, – деп хабарлады Алматы облысы полиция департаменті.

Бұған дейін елордада белгісіз ер адам әйелді ұрып-соғып, ауыр жарақаттағанын хабарладық.

Болған оқиға туралы жәбірленушінің бауыры әлеуметтік желіде мәлімдеді. Жазба авторының айтуынша, ер адам оның әпкесін қуып жетіп, пәтеріне кіріп, қатты соққыға жыққан.