Желілерде бұл дәрілердің құрамында өлімге әкелетін "мачупо" вирусы бар деген ақпарат тарады.
ERNUR.KZ. Қазақстандықтар арасында әлеуметтік желіде Израильде жасалған өлімге әкелетін парацетамол дәрілері отандық дәріханаларға жеткізілгені туралы ақпарат тарады. Оның фейк екені белгілі болды, деп жазады stan.kz.
Өлімге әкеледі деген ыстық түсіретін дәрі туралы мұндай ақпарат 2019 бен 2020 жылдары тараған. Деректерге сай суреттерде көрсетілген препарат Израильде емес, Үндістанда өндірілген болып шықты. Мұны дәрі-дәрмектің қаптамасындағы "Apex" өндірушінің атауынан байқауға болады. Және бұл дәрінің қауіпті емес екені де анықталды.
Бұған дейін желілерде бұл дәрілердің құрамында өлімге әкелетін "мачупо" вирусы бар деген ақпарат тарады. ҚР Фармация комитеті бұл ақпаратты жоққа шығарып, мұндай дәрі негізінен қазақстандық дәріхана сөрелерінде жоқ екенін атап өтті.