Әлішер Әбдіқадыров Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды

0
454

Әлішер Әбдіқадыров 1986 жылы 6 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген.


Әлішер Әбдіқадыров Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды

ERNUR.KZ. Алматы әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша 2022 жылғы 26 ақпанда Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып Әбдіқадыров Әлішер Елісұлы тағайындалды, деп жазады baq.kz.

Әлішер Әбдіқадыров 1986 жылы 6 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетің түлегі, «экономика магистрі. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған (2017 ж.).

Еңбек жолын 2009 жылы ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Инвестициялық қызмет департаменті инвестициялық жобалар басқармасының сарапшысы қызметінен бастаған.
2010-2013 жылдары – ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестициялар жөніндегі комитетінің бас сарапшысы, инвестициялық жобалар басқармасының басшысы, Стратегиялық жоспарлау департаменті директорының орынбасары.

2014-2015 жылдары – ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар комитеті төрағасының орынбасары.
Кейінгі жылдары Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы (2015-2016 жж.), Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы (2016-2019 жж.) болып жұмыс істеді.

2019 жылы «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспортты дамыту институты» АҚ Басқарма төрағасы болды.

2020 жылдан 2021 жылға дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.

2021 жылдан 2022 жылға дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарды.