Алматы «ақылды қалалар» рейтингісінде бірінші орын алды

0
804

Қазіргі уақытта Алматы қаласы әкімдігінің мемлекеттік қызметтер түрлерінің 90% - электронды.


Алматы «ақылды қалалар» рейтингісінде бірінші орын алды

ERNUR.KZ. Алматы Қазақстандағы «ақылды қалалар» рейтингісінде бірінші орын алды. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қаланың Цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

Спикердің айтуынша, қазіргі уақытта «Электрондық үкіметтің» сервистік интеграторы «Зерде» холдингімен бірлесіп Алматы әкімдігінің АТ-архитектурасын әзірлеуде. Осы мақсатта ақпараттық жүйелерді түгендеу, ағымдағы ахуалды талдау жүргізілді және одан әрі даму басымдықтары айқындалды.

«2020 жылдың жарты жылдығының қорытындысы бойынша Алматы қаласы еліміздің барлық өңірлері арасында «ақылды» қалалар рейтингінде бірінші орынға ие болды. 2019 жылы біз екінші орында едік. Бұл рейтингті ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган «ақылды» қалалардың эталондық стандарты негізінде жүргізеді. Бұл стандарт қала тіршілігінің 11 бағыты бойынша 100-ден астам жобаны қамтиды», – деп атап өтті Б. Қоңырбаев.

Қазіргі уақытта Алматы қаласы әкімдігінің мемлекеттік қызметтер түрлерінің 90% - электронды. Атап айтар болсақ, balabaqsha.open-almaty.kz, bilimalmaty.kz ақпараттық жүйесі, «Дамумед» медициналық ақпараттық жүйесі, «InfoLab» АЖ, Автоматты диспетчерлік ақпараттық жүйесі, «Емдеуге жатқызу бюросы» порталы.

«Егер сізде қызықты қосымша немесе жаңа ақпараттық жүйені құру идеялары болса, оларды порталға орналастыра аласыз. Егер сіздердің ұсыныстарыңыз қызықты болса, біз оларды жүзеге асыруға көмектесеміз. АТ-мамандарын, креативті цифрлық ұйымдастырушыларды біздің порталды өз идеяларын орналастыру үшін пайдалануға шақырамыз», — деп түйіндеді спикер.