​Алматы әуежайында жануарларға арналған аймақ ашылды

0
192

Жаңа сервис ұшар алдында жолаушылар мен олардың үй жануарларына қолайлы ортаны қамтамасыз ету үшін жасалған.


​Алматы әуежайында жануарларға арналған аймақ ашылды

Фото: Алматы әуежайы

ERNUR.KZ. Алматы халықаралық әуежайында үй жануарларына арналған арнайы аймақ - Pet Zone ашылды, деп жазады inform.kz.

Жаңа сервис ұшар алдында жолаушылар мен олардың үй жануарларына қолайлы ортаны қамтамасыз ету үшін жасалған. Pet Zone халықаралық терминалда орналасқан. Онда жануарларға арналған демалыс және жем-шөп беру аймағы, су диспенсері бар.

- Pet Zone енгізу жолаушыларға және олардың үй жануарларына қамқорлық жасаудың халықаралық стандарттарына сәйкес келеді, - деп хабарлады әуежайдан.
Еске салайық, бұған дейін Алматы әуежайының ескі және жаңа терминалы арасында көпір ашылғанын жазғанбыз. Бұған дейін екі терминал арасында тікелей байланыс болмаған еді. Ескі не жаңа терминалдан екіншісіне бару үшін ғимараттың сыртына шығып, жаяу жүру қажет болатын.