Алматы әуежайының жаңа терминалы алғашқы рейстерді қабылдады

0
549

Халықаралық терминал ашылғаннан кейін жақын және орта мерзімді келешекте әуежайда қазақстандық және шетелдік әуе компаниялары арқылы әлемнің 10 еліне 15 халықаралық бағыт ашылады деп күтілуде.


Алматы әуежайының жаңа терминалы алғашқы рейстерді қабылдады

ERNUR.KZ. Бүгін, жаздың бірінші күнінде Алматы қаласы әуежайының жаңа терминалы алғашқы рейстерді қабылдады, деп жазады sputnik.kz.

"Эйр Астана" әуе компаниясының "Лондон – Алматы" бағыты бойынша ұшқан КС-664 рейсі таңғы 8:50-де әуежайға келіп қонды. "Эйрбас-А321" ұшағында 94 жолаушы болды.

"Ал сағат 09:50-де алғашқы болып "Алматы – Доха" бағыты бойынша "Эйр Астана" әуе компаниясының КС-653 рейсі орындалды. Әуе кемесінің бортында 166 жолаушы бар. Әуежай атынан жаңа терминалдың алғашқы жолаушыларына естелік сыйлықтар табысталды", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, Алматы қаласы әуежайының жаңа терминалының құрылысы 2021 жылдың мамырында басталды және толығымен инвестиция есебінен жүзеге асырылды. Терминалдың аумағы 53 мың шаршы метрді құрайды. Жаңа терминалда 7 телескопиялық трап, 50 тіркеу тірегі, 6,2 мың багажды өңдеуге арналған 4 таспалы жүйе қарастырылған.
Ведомствоның хабарлауынша, жаңа терминал жылына 14 млн жолаушыға қызмет көрсетуге қабілетті. Халықаралық терминал ашылғаннан кейін жақын және орта мерзімді келешекте әуежайда қазақстандық және шетелдік әуе компаниялары арқылы әлемнің 10 еліне 15 халықаралық бағыт ашылады деп күтілуде.