Жарық үлкен болмағанымен, қауіпті екені анық.
ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде «Алматы — Қорғас» тасжолында пайда болған дефекті жайлы видео жарияланды, деп жазады ҚазАқпарат.
Видеожазбадан Шелек ауылының маңында жолдың бетонды плиткасы көтеріліп кеткенін байқауға болады. Жарық үлкен болмағанымен, қауіпті екені анық.
«QazAvtoJol» АҚ баспасөз қызметінен хабарлағандай, биылғы 29 сәуірде температура күрт жоғарылағандықтан, цемент-бетон жабыны кеңейіп, ақау пайда болған.
«Учаскеде жылдамдықтың шектелуі туралы уақытша жол белгілері қойылды. Алматы облысы жол полициясы ӘПБ қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Комиссия құрылды. Комиссия жұмысының нәтижесіне сай тасжолды қалпына келтіру жұмысы жүргізіледі»,- деп хабарлады ведомстводан.