Алматы маңында шетел азаматтары синтетикалық есірткі өндірген

0
562

Полицейлер тінту кезінде 3 зертхананы анықтады және 84 келі синтетикалық есірткі тәркіленді.


Алматы маңында шетел азаматтары синтетикалық есірткі өндірген
ERNUR.KZ Ұйымдасқан қылмысты олар қалаға жақын елді мекендегі жер үйлердің бірінде жасапты, деп жазады «Хабар 24».

"Қабырғалар мен еденге тақтайша төсеп, желдеткіш орнатып, есірткі кептіру үшін сөрелерді орнатқан. Жасырын цех химиялық заттарды сақтауға арналған мұздатқышпен де жабдықталған. Шетел азаматтарының аптасына 100 келіге дейін есірткі өндіруге мүмкіндігі болған", - дейді мамандар.

Полицейлер тінту кезінде 3 зертхананы анықтады және 84 келі синтетикалық есірткі тәркіленді.

"Ұсталған фигуранттардың үстінен ҚР ҚК-нің 262-бабы «Ұйымдасқан топ құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу» және 297-бабы «Қылмыстық топпен аса ірі мөлшерде есірткі өткізу» бойынша қылмыстық істер қозғалды. 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы тергеу, тексеру амалдары жүріп жаты", - деді ҚР ІІМ ЕҚҚІҚД бастығының орынбасары, Бақытжан Әмірханов.