Алматы маңында су деңгейі көтеріліп, сел жүруі мүмкін

0
424

ТЖД өкілдері тұрғындарды Үлкен, Кіші Алматы, Қарғалы, Ақсай өзендерінің жағалауларына жақындамауды сұрайды.


Алматы маңында су деңгейі көтеріліп, сел жүруі мүмкін

ERNUR.KZ. Алматыда ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп жазады ulysmedia.kz.

«Қазгидромет» РМК жариялаған ескертуге сәйкес, Алматы қаласында 5-7 шілде аралығында қатты жауын-шашынға байланысты өзен-көлдерде су деңгейі көтеріліп, қауіпті белгілерден асқан жағдайда тау бөктері мен соған жақын аудандарда су тасқыны болуы мүмкін. Осыған байланысты ТЖД өкілдері тұрғындарды Үлкен, Кіші Алматы, Қарғалы, Ақсай өзендерінің жағалауларына жақындамауды сұрайды.

Синоптиктердің болжауынша, Солтүстік Батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.