Алматы маңында тауға шықпақ болған ер адам көз жұмды

0
455

​Құтқарушылар оқиға орнына жеткен кезде 60 жастағы ер адам есінен танып жатқан.


Алматы маңында тауға шықпақ болған ер адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Алматы маңында тауға шықпақ болған ер адам көз жұмды, деп жазады sputnik.kz.

Екі ер адам Проходное шатқалына барған. Вольчья гора жақта жоғары көтеріле берген кезде біреуі есінен танып қалған. Жанындағы ер адам құтқарушыларды шақырды.
"Құтқарушылар оқиға орнына келген кезде 60 жастағы ер адам есінен танып жатты. Құтқарушылар оны таудан шығарып, апат медицинасы орталығының қызметкерлеріне тапсырды. Дәрігерлер пациент өкпе артериясы тромбоэмболиясынан көз жұмғанын анықтады", - делінген хабарламада.
Құтқарушылар тауға шығар алдында бағыт биіктігін ескеруге кеңес береді. Денсаулық жағдайына да мән берген жөн екенін атап өтті.
"1500-1600 метрден асатын биіктікке акклиматизация бойынша жеткілікті тәжірибесі жоқ адамдарға біртіндеп көтерілу керек. GPS навигатор, телефонды қуаттайтын қосымша құрал, су өткізбейтін пакеттегі сіріңкелер, ауыстыратын киім сияқты міндетті заттардың ішінде алғашқы көмек жинағы болуға тиіс", - деді мамандар.
Бұдан басқа, таңу материалдары, аллергия мен ішек ауырғанда ішетін дәрі-дәрмек, ауырсынуды басатын құрал, антисептик алу керек. Тауға барар алдында құтқару қызметтерінің телефон нөмірлерін жазып алған дұрыс.