​Алматы маңындағы өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін

0
1 336

Қалаға іргелес тау бөктерлерінде су ағысы күшейіп, өзендердегі су деңгейі көтерілуі ықтимал.


​Алматы маңындағы өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін

ERNUR.KZ. Алматы қаласы және оған іргелес елді мекендердегі өзендерде су деңгейі көтеріледі, деп жазады ҚазАқпарат.

«6-7 сәуірде Алматыда жаңбыр жауады, кей жерлерде қатты нөсерге айналады. Сондықтан қалаға іргелес тау бөктерлерінде су ағысы күшейіп, өзендердегі су деңгейі көтерілуі ықтимал», делінген Қазгидрометтің ескертуінде.