2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда жалпы тұрғын үй алаңының 1 м2 құрылысына кеткен орташа нақты шығындар 12,2%-ға өсті.
ERNUR.KZ. Елімізде пайдалануға берілген тұрғын үй ауданының көлемі 8,8% азайған, деп жазады ulysmedia.kz.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен жылдың қаңтар-желтоқсаны аралығында пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы ауданы 15,4 млн шаршы метрді құраған. Бұл 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8,8%-ға аз.
«2021 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі Алматы қаласында 34,6%-ға күрт азайды. Сондай-ақ Ұлытау облысында – 29,6%-ға, Астана қаласында – 24,7%-ға азайған», - делінген бюро хабарламасында.
Республикалық көлемде пайдалануға берілген тұрғын үйлердің ең үлкен үлес салмағы республикалық маңызы бар қалаларда екенін айта кеткен жөн.
«Пайдалануға берілген барлық тұрғын үйдің 15,4%-ы – Астанаға, 11,2%-ы – Алматыға, облыстар арасында 8,1%-ы Ақтөбе облысына тиесілі», - дедінген хабарламада.
Тұрғын үйлердің жалпы санынан:
- 1 540 көппәтерлі үйлер жалпы ауданы – 8 843,9 мың м2, 8,5%
- 36 365 жеке тұрғын үйлер жалпы ауданы – 6 499,8 мың м2, 7,4%.
2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда жалпы тұрғын үй алаңының 1 м2 құрылысына кеткен орташа нақты шығындар 12,2%-ға өсті.