Алматы облысында асылтұқымды мал шаруашылығын дамытуға бөлінген 50 миллион теңге жымқырылды

0
366

Сот үкімімен кооператив төрағасы мемлекет қаржысын жымқыру және қылмыстық пайданы заңдастыру бойынша кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды.


Алматы облысында асылтұқымды мал шаруашылығын дамытуға бөлінген 50 миллион теңге жымқырылды

ERNUR.KZ. Қаржы мониторингі агенттігі асылтұқымды мал шаруашылығын дамытуға бөлінген мемлекет қаржысын жымқырғандарды анықтады, деп жазады stan.kz.

2023 жылы Алматы облысы Ұйғыр ауданында ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің төрағасы ұрғашы қой басының саны және ұрықтандыру тәсілі жайлы жалған ақпаратты қолдана отырып 50 миллион теңге субсидия алған. Бұл сотқа дейін жүргізілген тергеудің нәтижесінде белгілі болды.

Мұнымен қоймай, кооператив төрағасы өзінің қылмыстық табысын көбейту және заңдастыру мақсатында субсидиялау талаптарын ескермей, бөлінген мемлекет қаражатының бір бөлігін кооператив депозитына аударып, түскен пайданы өз қажетіне жаратқан.

Сот үкімімен кооператив төрағасы мемлекет қаржысын жымқыру және қылмыстық пайданы заңдастыру бойынша кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды.