Оқушылар 3 ауысыммен білім алып жатыр.
ERNUR.KZ. Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауаланда оқушылар мектепке сыймай жатыр. 1 лицей 800 оқушыға арналған білім ошағында 2100 бала білім алып жүр, деп жазады sputnik.kz.
Әлеуметтік желі арқылы тараған видеода екі сыныптың оқушылары бір кабинетте екі жаққа қарап сабақ оқып жатыр. Аталған мәселені аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Гаухар Дәуренбековадан сұрағанымызда, оқушы сыймай жатқанын растады.
Оқушылар 3 ауысыммен білім алып жатыр.
"Ауданда ұйғыр, қазақ-ұйғыр аралас және бір лицей бар. 1 лицей 800 оырнға арналған. Бірақ қазіргі күні 2100 бала оқып жатыр. 900 орынға арналған жаңа мектеп салынып жатыр. Ол 900 оқушыға арналған", - дейді Ұйғыр аудангдық білім бөлімі міндетін атқарушы Гаухар Ноғайбекова.
Жаңа салынған мектеп те Шонжы ауылының мәселесін толық шешпейтін болып тұр. Өйткені лицейде оқитын 2100 оқушының 900-і жаңа мектепке ауысса, 800 орындық бұрыңғы мектеп ғимаратында 1200 оқушы қалады.
Айта кететйік, лицейден бөлек ұйғыр және қазақ – ұйғыр мектебінде де дәл осындай жағдай. Ұйғыр мектебі 540 оқушыға арналған. Білім алып жатқаны 600 оқушы. Қазақ – ұйғыр мектебі 150 оқушыға арналған, ал мұнда 250 оқушы оқып жатыр.